20:18, 17 Ақпан 2022 | GMT +5
Атырау облысында шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін квота азайды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін квота азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысында шетелдіктерді жұмысқа тартуға 7 598 квота бөлінгенін жазған болатынбыз.
Енді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оның бұл квота 6 262-ге азайып отыр.
«Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін квотаның бірнеше санаты бар. Мәселен, 1-санатқа – 98, 2-санат үшін – 1 213, 3-санат бойынша – 4 110, ал 4-санатпен шетелдік жұмыс күшіне 411 вктоа берілді. Ал, маусымдық жұмысқа келетін шетелдік қызметкерлерге берілген квота 394-ті құрады, -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Жұмыс берушілерге ақпанға дейін 224 шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген. Сондай-ақ, 15 шетелдік маманды жұмысқа тартуға рұқсат беруден бас тартылған.