Атырау облысында соңғы тәуліктерде індеттен қайтыс болғандар тіркелген жоқ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 14 наурызда қауіпті вирусқа 1 адам шалдыққан.
«Қазір Атырау облысында 73 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, инфекциялық стационарларда 9 науқас оқшауланған. Бір күнде коронавирус инфекциясынан 16 науқас емделіп шықты», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Былтырғы 1 ақпаннан бері COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырған атыраулықтардың саны 269 524 адамға жеткен. Вакциналардың ІІ компонентін
256 005 адам ектірген.
Өңірде Pfizer екпесін алған бала емізіп отырған аналар мен жүкті әйелдер, сондай-ақ, 12-18 жастағы жасөспірімдер саны 7 492 адамды құрап отыр. Ал, 48 067 адам қайта вакциналаудан өткен.
Соңғы бірнеше тәулікте қауіпті вирустан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 7 358 адам Pfizer вакцинасын салдырғанын хабарлаған едік.