Атырау облысында сот төрағасы ауысады

ЫРАУ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облыстық сотына жаңа төраға тағайындалады деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров ведомствоның сайтында осы қызметке баламалы негізде екі кандидатты ұсынды. Олар - Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов пен ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департамент бастығы Бауыржан Жұмағұлов.

Қазіргі уақытта Атырау облыстық соты төрағасының қызметін Жақсылық Алаңов атқарып отыр. Оның басқа қызметке тағайындалуы жайында әзірге ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар