Атырау облысында «Теңіз Шевройл» газ өңдеу зауытында ірі өрт болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Теңіз Шевройл» газ өңдеу зауытында ірі өрт болды, 200-ден астам жұмысшы қауіпсіз жерге шығарылды.
None
None

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, бейсенбі, 8 желтоқсан күні таңертең, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз Шевройл» газ өңдеу зауытында, пропанды кептіру блогында пропанды құрылғының жануы орын алды. Өрт орнынан 215 адам қауіпсіз жерге шығарылды. 108 шаршы метр аумаққа жайылған жалынның ошағы 15 минуттың ішінде жойылып, тек 4 сағаттан кейін толығымен ауыздықталды.

Қазір зауыт қалыпты режімде жұмыс істеуде. Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайды жоюға «Теңіз Шевройл» ЖШС-ның өрт-апатты қызметінің 17 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар