Атырау облысында теңіз суы басқан кеніштен мұнайшылар көшірілуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Жылыой ауданында теңіз суы басқан кеніштен мұнайшылар көшірілуде. Алғашқы 16 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.
None
None

«17 наурыз күні түнде кейбір аудандарда жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен күшті ұйтқыған жел Каспий теңізі суын «Западный Морской» кенішіне айдап тықты. Соның салдарынан 40-тан астам адам жұмыс жасап жатқан екі ұңғыны су басты. Адамдарға көмекке жол талғамайтын машиналармен құтқарушылар аттанды. Алғашқы 16 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Ішінде Қытай азаматтары бар мұнайшыларды көшіру операциясы жалғасуда», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖ департаменті.

Соңғы жаңалықтар