15:55, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Атырау облысында «Теңізшейройл» ЖШС өндірісін кеңейтуді бастайды
АТЫРАУ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысында Теңіз кен орнын өндеумен айналысатын «Теңізшейройл» ЖШС 2013 жылы кәсіпорынның қуаттылығын кеңейту жоспарын іске асыруға кіріседі,

деп хабарлады ҚР Мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаев.
«Министрлік бұл жобаны мақұлдады. Ол биылғы жылы басталады. Ал 2016-2017 жылдары, яғни құрылыстың нағыз қызған шағында жұмысшылардың саны 9,5 мың адамға жетуі тиіс», - деп мәлімдеді Б.Толымбаев.
Бұрын хабарланғандай, қуаттылықтарды кеңейту жобасы аяқталған соң Теңіз кенішінен мұнай өндіру көлемі 36 мың тоннаға жетеді.