Атырау облысында топырақ басып қалған жұмысшылардың бірі көз жұмды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында топырақ басып қалған 3 монтажшының 1-уі қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Индер ауданына қарасты Индербор ауылында жексенбі күні қайғылы жағдай болды. Тараздан келген мердігер компанияның жұмысшылары жерасты кәріз құбырларын жүргізіп жатқан. Қауіпсіздік талаптарын орындамаудың салдарынан арықтың қабырғалары опырылып түсіп, топырақ үш жұмысшыны басып қалған. Олардың екеуін аман алып қалудың мүмкіндігі туды, қазір олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Ал үшінші 28 жастағы жұмысшыны алып қалудың мүмкіндігі болмады»,-деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД-нің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар