Атырау облысында тұмау жұқтырғандардың дені - жүкті әйелдер

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 7 адамның тұмау жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 5 жүкті әйел бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, биыл тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 65 мың дозасы сатып алынған. Бұл – Ресей Федерациясында шығарылған вакцина.

Биыл 7 адамның тұмауға шалдыққаны анықталып отыр. Оның ішінде 5 жүкті әйел, 2 ересек тұрғын бар.

«Жіті респираторлық вирустық инфекциядан әсіресе, тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы – вакцина салдыру. Бес жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан қариялар, жүкті әйелдер мен созылмалы сырқаты бар адамдар, әсіресе, қан тамырлары, тыныс алу органдары, сусаққа шалдыққандар тұмаудың асқынған түрімен ауыруы мүмкін. Өйткені, мұндай адамдарда иммунитет қорғанышы төмендейді. Сол себептен, тұмау жұқтыруы мүмкін. Ал, тұмауға шалдықпау үшін оған қарсы шығарылған вакцинаны дер мезгілілінде салдыру керек. Бұл – ең тиімді әрі сенімді тәсіл», -дейді №4 Атырау қалалық емханасының дәрігер-эпидемиологы Тілепберген Хамзин.

Жыл сайын тұмауға қарсы екпені салдыратын тұрғынның бірі – Балқия Әленова. Биыл да тұмау жұқтырмау үшін вакцина алудан бас тартпаған.

«Тұмау өзге ауруларды қоздырып, түрлі сырқатқа ұшырататын жұқпалы вирус ғой. Сол себептен, тұмауға қарсы екпе алуды әдетке айналдырып келемін. Бұл өзімнің ғана емес, отбасымның да саулығын қорғауға көмектеседі», -дейді Балқия Әленова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екпе алудан бас тартқан екі адам көкжөтел жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар