Атырау облысында үш күнде коронавирус жұқтырғандар 46 пайызға өскен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында үш күнде коронавирус жұқтырғандар 46,8 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, қауіпті вирустың таралу көрсеткіші өсуіне байланысты 520 резервтік төсек-орын дайындалған. Оның ішінде 20 төсек-орын жансақтау бөліміне бөлінген.

«Соңғы үш күнде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 46,8%-ға артып отыр. Мәселен, 8 шілдеде 154 жағдай тіркелсе, 11 шілдеде 290 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Соңғы бір аптада Атырауда сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты резервтен 330 инфекциялық төсек-орын пайдалануға берілді. ОҚазір облыстағы инфекциялық төсек-орынның жалпы саны 2 428 құрайды», - дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның мәліметіне сүйенсек, 408 төсек-орынға арналған карантиндік стационар жұмыс істеп тұр.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар санының күрт өсетін болса, бірнеше ауруханадан инфекциялық стационар ашуды көздеп отырмыз. Нақтылай айтқанда, облыстық ауруханада 50, темір жол ауруханасында 120, Махамбет ауданындағы фтизиопульмонология орталықта 150, сондай-ақ, жатақхананың бірінде инфекциялық 200 орындық стационар ашылады», - дейді Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 1 658 науқас коронавирустан емделіп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар