Атырау облысында үш күнде жол ережесі 644 мәрте бұзылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында үш күнде жолда жүру ережесі 644 рет бұзылған. Мас күйде рульге отырған 10 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында үш күнде жол ережесі 644 мәрте бұзылған

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-6 наурыз аралығында өңір аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» рейді өткен.

«Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – мас күйде рульге отыратындарды, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтау. Олардың қатысуымен болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Үш күнге созылған іс-шара кезінде 644 жолда жүру ережесін бұзған 644 дерек анықталды. Көлік құралын мас күйде басқарған 10, жүргізуші куәлігінен айырылған 1 адам ұсталды», -дейді полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында заңсыз сақталған 24 қару тәркіленгенін жазған едік.