18:04, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Атырау облысында үшінші сыныпта оқитын қызды зорлаған педофилдың фотороботы жасалды
АТЫРАУ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы, Жылыой ауданының Құлсары қаласында қыз баланы зорлаған ер адамның фотороботы жасалып таратылды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Атырау облысының ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, аудандық ауруханада жатқан қыздың айтуымен зорлаушының фотороботы жасалды. Оны іздестірумен айналысатын арнайы тергеу тобы құрылды.
«Құлсарыда бірнеше баланы жәбірлеген азғын жүр деген сөз шындыққа сәйкес келмейді. Одан 3-ші сыныпта оқитын қыз бала ғана жәбір көрді», - деді Г.Мұхтарова.
Естеріңізге сала кетсек, қарашаның 14 күні, кешкі уақытта белгісіз ер адам 2003 жылы туған қыз баланы алдап, оның үйіне жақын жерде орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимаратқа кіргізіп, сол жерде оны зорлаған.