09:38, 10 Қараша 2013 | GMT +5
Атырау облысында үйлену тойынан кейін мылтық атылды
АТЫРАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Атырау облысының Күлсары қаласында 26 жастағы ер адам жарақат алды.

Аймақтың ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша оқиға үйлену тойынан кейін орын алған. Тойда болмаған жас жігіттердің бір тобы көшенің қақ ортасында ер адамды соққының астына алған. Жәбір көруші ағасына көмек беру ниетімен ара түскен жас жігітке қарсы шолақ мылтықтан оқ атылған.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.