Атырау облысында вагон жөндеу қызметі арзандатылды - Агенттік
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вагон жөндеу қызметінің бағасы 10-12%-ға төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасымен бірлесіп, «РТИ-АМӨЗ» ЖШС қызметін тексеру кезінде монополиялық ережені теріс пайдалану, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру (вагондарды ағымдық ағытпалық жөндеу және ағымдық ағынсыз жөндеу қызметтері бойынша) және әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде бағалар немесе баламалы келісімдерге әртүрлі шарттар (вагондарды беру және жинау шарттары бойынша, сондай-ақ ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау бойынша) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін анықтады.
Департамент тиісті ұйғарым шығарды. Зауыт ұйғарымды вагондарды ағымдық ағытпалық жөндеу және ағымдық ағынсыз жөндеу қызметтерінің бағасын 10-12%-ға төмендету жолымен орындайды. Сондай-ақ, вагондарды беру және жинау, ағымдық ағытпалық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде шарттардың талаптарына сәйкес келтірілді.