Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 135 мыңнан асты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 135 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 135 мыңнан асты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеше, 26 шілдеде жергілікті 984 адам «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін алған.

«Биылғы 1 ақпан мен 26 шілде аралығында 135 668 атыраулық коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін салдырғандар саны 85 834 адамға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, 21 шілдеде Атырау облысында 130 мыңнан астам адам вакцина салдырған еді.