Атырау облысында жаңа тағайындаулар

АТЫРАУ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді.
None
None

Қала әкімінің орынбасары болып бұған дейін қалалық ТКШ бөлімін басқарып келген Жұмабай Қарағаев тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымда болған Әділбек Нұрлығожиев қала әкімінің орынбасары қызметінде 14 жыл бойы тек ТКШ-ға ғана емес, сонымен бірге құрылысқа жетекшілік етіп келді.

Қалалық ТКШ бөлімін осыған дейін сол бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарған Серік Қазиев басқарды.

Қалалық білім басқармасына Рима Қобданова басшылық етеді, осы тағайындауға дейін ол қала әкімінің кеңесшісі болып жасаған. Білім басқармасының бұрынғы бастығы Қайрат Хабиев Жұмыскер ауылдық округының әкімі болып тағайындалды. Қалалық қаржы бөлімінің бастығы қызметіне Мұрат Айтжанов тағайындалды, осыған дейін ол бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар