07:31, 16 Қазан 2013 | GMT +5
Атырау облысында жекеменшік үйден өрт шықты
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысы Атырау қаласы Жұмыскер ауылында уақытша баспанадан өрт шықты. Жалын жарты сағаттың ішінде cөндірілді.

Тілсіз жаумен ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының алты адамы күресті. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 1987 жылы туған азаматтың мәйіті табылды.