Атырау облысында жеміс тиелген Газель көлігі жолда өртеніп кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жеміс тиелген «Газель» көлігі жолда өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, көлік өрті 30 шілдедеде сағат 10:00 шамасында болған.

Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 565-шақырымы тұсында «Газель» автокөлігі өздігінен өртеніп кеткен.

Жүк көлігі Атырау қаласынан Мақат ауданындағы Доссор кентіне қарай бара жатқан. Көлік бортына жеміс түрлері тиелгені анықталды.

Жалынның салдарынан «Газель» автокөлігі түгі қалмай, жанып кетті. Көлік жүргізушісі құжаттарын алып, шығып үлгерген.

«Жүргізушілер жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын мұқият тексеріп алуы керек. Техикалық жағдайы талапқа сәйкес келмейтін көлікпен жолға шықпаған жөн», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізуді бастады. Көліктің өрттенуіне не себеп болғанын анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында автокөлік 24 қойды қағып кеткенін хабарлаған едік.




Соңғы жаңалықтар