Атырау облысында ЖЭО жаң­­­ғырту нәтижесінде өңір сұранысын толық қамти­тын энергия өндіруге қол жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­тың еліміздің қуат көздерін арттыруға қатысты берген тапсырмаларының бірі - еліміздің энергетика саласын өркендету, заманауи техника мен технологияларды өндіріске кеңінен енгізе отырып, электр және жылу қуатын өңдіріп, тарататын кәсіпорын­дардың қуаты мен мүмкіндіктерін арттыру, тұтынушыларға қызмет көрсету аясын кеңейту.
None
None

Осы тұрғыда республикамызда қабылданған үдемелі индустриялы-инновация­лық даму бағдарламасы шеңберінде аймақтағы энергетика компаниялары да жоспарлы іс-шараларды жүйелі жүзеге асырып, ортақ іске өзіндік үлестерін қосып келеді. Осы бағдар­лама аясында Атырау аймағындағы «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамындағы іске асы­рылған инвестициялық жаңа жобалар айтарлықтай қайтарым бере бастады, деп жазады «Айқын» газеті.

Қазақстандағы электрстансалар­­дың көпшілігі 40-50 жыл бұрын са­лын­ғанын барлығымыз білеміз. Осыдан он­­даған жыл бұрын физикалық және моральдық тоқырау жағдайында тұр­ған электрстансаларының қатарын­да қазіргі «Атырау жылу-электр орта­лы­ғы» АҚ та бар болғаны ақиқат. Ин­вес­тиция болмаса құрылғыларды ауыстыру және модернизациялау мүмкін емес, көмекші және негізгі құ­рылғылардың ескіруі мен істен шығу мәселесі де өт­кір тұрды. Жылу-электр орталығы құ­рыл­ғаннан бастап ұзақ уақыт бойы қол­даныстағы қуат көзінің мерзімін ұзарту және жаңасын енгізу үшін кө­лемді инвестициялар болмады.

Модернизация берген мүмкіндік

«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ инвестициялық міндеттемелерді игеру және даму келешегі туралы та­ратып айтсақ, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ 1963 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қоғам құрамына Атырау жылу-электр орталығы және аудандық жылыту қазандығы ны­сан­дары кіреді. Жылу-электр орта­лығы­ның құрылысы үш кезең­мен салынды. Бірінші кезең - 1963 жы­лы 24 МВт қуатпен іске қо­сыл­ды. 1970 жылы ІІ ке­зең іске қосылып, жылу-электр орта­лығы жылу қуаты са­ғатына - 382 Гкал болатын, электр қуаты 134 МВт-ға жет­ті. 1985 жылы ІІІ кезеңдік нысандарды іске қосқан­нан соң, жылу қуаты са­ғатына - 598 Гкал-ға, ал электр қуаты 249 МВт-ға жетті.

Физикалық тоқырау салдарынан 1993 жылы әрқайсысының қуаты 12 МВт болатын №1 және №2 бу тур­биналары істен шықты. 1993 жылға қа­рай жылу-электр құрамында, электр қуаты 215 МВт, жылу қуаты сағатына 526 Гкал болатын 10 қазан агрегаты мен 5 құбыр агрегаты болды. - Энергиямен қамтамасыз ету - тұрғындардың жағдайы мен өмір сүру деңгейін және жалпы экономиканы жақ­сартудың бірден-бір мүмкіндігі. Қа­зақстанның қазіргі таңдағы мүмкін­діктері, электр энергиясы саласының тұ­рақты жұмыс жасауы көп жағдайда жал­пы, ел экономикасы дамуының тұрақтылығымен анықталады. Бұдан бө­лек, бұл сала қоғамдағы әлеуметтік маңызды жүктемелердің қозғаушысы. Ел экономикасының дамуы, бірінші ке­зекте еліміздегі үдемелі индустриял­ық-инновациялық даму Мемлекет­тік бағ­дарламасы айқындаған, электр пай­далану өсімімен реттелетіні сөзсіз. Және де бұл өз кезегінде біздің, ел энер­ге­тиктерінің алдында кезекті өзекті мә­селелер қояры анық, деген «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамының президенті Мұхамбетқали Қалиев 2009-2012 жылдар аралы­ғын­да инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру ая­сын­да Атырау облысы көршілес облыс пен Ресей елінен алы­натын электр қуатынан арылғандық­тарын айтты. Мұхамбетқали Қалиұлының ай­туын­ша, мемлекет тарапынан бірінші кезекте қолға алынған нәрсе шекті та­рифтерді енгізу болды. Баршамызға белгілі, 2009 жылы заң шеңберінде электр стансаларына жаңа бағалар қа­лыптастыру ережелері енгізілді. Мұн­дағы басты мақсат қолданыстағы электр ­стансаларын модерниза­ция­лауға инвестиция тарттыруға мүмкіндік туғызу болатын. «Шекті тарифтертердің» есебі негізіне электр ­стансаларын жаңарту, яғни модерни­за­циялау, кеңейту және жаңа құрылыс­тарға деген салымдарына, «тарифті инвестицияға айырбастау» меxанизмі енгізілді.

Үдемелі индустриалдық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы шеңберінде «Аты­рау жылу-электр орталығын» ке­ңейтудің VI кезеңінде әрқайсысы са­ғатына 220 тонна бумен өндірісті қамтамасыз ете алатын Е-220-100/ГМ тип­ті екі қазандық агрегаттар, ПТ-25-90/10 типті үш бу турбина агрегаттары ор­натылды. 2009 жылы осы VI кезеңнiң алғашқы бу турбинасын іске қосу рә­сіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2011 жылы жабдықтары толықтай қайта жаңартылған стансалық №1 жә­не №2 бу турбина агрегаттары пайда­лануға беріліп, осылайша, бұрынғы 24 МВт қуатты қалпына келтіре отырып, І кезең толықтай қайта жөндеуден өтті. Сонымен қатар сағатына 100 тонна өндіре алатын тұзсыздандырғыш құ­рылғы орнатылды. Қуат күшін кеңейту мақсатында ұзындығы 11 шақырым болатын теxникалық сумен қамтамасыз ететін айналма канал жүргізілді.

Жалпы, «Атырау ЖЭО» АҚ 2009-2012 жылғы инвестициялық міндет­темелерді мерзімінде толық орын­дады. Тартылған инвести­ция­лардың көме­гімен, бекітілген электр­лiк қуатын 314 МВт-ға дейін, ал жылу қуатын са­ғатына 695 Гкал-ға дейін күшейтті. Не­гізгі құрылғылардың істен шығуын 74 пайызға дейін төмендетті. Жаңа жұ­мыс орны есебінен 115 адам қыз­метпен қамтылды. Өзіндік электр қуатын ұлғайту есе­бінен, өндірістік нысандарды, комму­налды-тұрмыстық секторды және Аты­рау облысы тұрғындарын энергиямен қамтамасыз етуді тұрақтандыру, бюд­жетке түсетін, салықтық аударымдар, міндетті және басқа да төлемдердің ар­туын қамтамасыз етуде «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ өзіндік міндет­темелерін асыра орындап келеді.

Аймақ электрге тәуелділіктен арылды

Еліміздің үдемелі индустриялы-инновациялық даму Мемлекеттік бағ­дарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-мен орташа мерзімі 2010-2015 жылдар аралығындағы І-ІІІ кезеңдерді жаңар­ту, қайта құру, теxникалық құрылғы­лармен қамтамасыз ету және IV жылу-электр орталық кезегін кеңейту ин­вестициялық жобалары жасақталып, сәтті жүзеге асырылуда. Жылу-электр орталығын осылай жаң­­­ғыртудың нәтижесінде, Атырау облысының сұранысын толықтай қамти­тындай энергия өндіруге қол жеткізді. Өңдірістік және мұнай-газ өнеркәсібі, сондай-ақ шағын және орта бизнес салаларындағы ірі тұтынушылардың да сұранысын қамти алатындай мүм­кіндікке ие болды. Осы шаралардың бәрі де кәсіпорын қолға алған инвестициялық бағдар­ла­масының нәтижесінде шешімін тапты. Бұл ауқымды істердің бәрін «Атырау жы­лу-электр орталығы» АҚ өз қара­жатымен жүзеге асырды.

Инвестициялық бағдарлама - бір­неше жылға белгіленіп, жүзеге асы­рылатын шара. Оның тарифке тура әсер ететіндігі рас. Өйткені ол көте­рі­леді. Себебі тариф - қолға алған жобаларды қаржыландырудың бір көзі. Бірақ орталық белгіленген тарифті бір­ден көтермей, сатылап өзгерту тә­сілін қолданып келеді. Бұл да халыққа салмақ салмаудың амалы. Оны жергілікті халық жақсы түсінеді. Оның басты себебі, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-тың тариф саясатын түсіндіруде депутаттармен, мемлекет­тік және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерімен кездесіп, олар­ға ин­вес­тициялық бағдарламаның қалай жүзеге асырып отырғанын ашық жа­рия етіп отырады. Мұндағы басты мақсат - халық қаражатының қайда жұм­салып жатқандығын білу. Қазіргі таңда әлемдік экономика­ның тұрақсыздығына қарамастан, «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ жылу-электр орталығының қуатты­лығын 499 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін, ІІ-ІІІ кезеңді қайта жөндеуден өткізуге, жаңартуға және теxникалық қайта жарақтандыруға және IV кезеңді кеңейтуге бағытталған 2013-2015 жылдарға арналған инвести­циялық жобаны жүзеге асыруда.

Бүгінде ТГМ-151Б типті №14 стан­саның қа­зандық агрегаты пайдалануға берілсе, №12 стансаның К-100-90 типті бу тур­бина агрегатының құрас­тыру жұмыс­тары аяқталып келеді. Ағым­дағы жылдың желтоқсан айында пай­дала­нуға бері­леді. Сонымен қатар 2017 жы­лы 60 МВт газ турбинасын құ­рас­тыру жұмыс­тары аяқталады.

«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ алға қойып отырған мақсатының бірі - №15 стансалық ТГМ-151Б типті қазандық агрегатының және ПТ-65-90/13 №13 типті құбыр агрегаттарын пайдалануға беру. Бұл мақсатқа жету үшін керекті жобалық-сметалық құ­жаттамасын жасақтау жұмыстары бас­талып кеткен. Жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2019 жыл. Осылайша, энергия өндірушілер­дің инвестиция тарттыруына, алға жыл­жуға, ескірген өндірістік активтерді жа­ңарту және қалыпқа келтіруге бағыт­тал­ған еліміздегі үдемелі индустриалдық-инновациялық мемлекеттік бағ­дар­ла­масы шынайы нәтижелер беруде. Аймақты жылу-электрмен қамта­масыз етіп отырған «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ ұжымы халықтың өздеріне қойған талабын орындап отыр. Ал халықтың аталмыш ұжымға қо­й­ып отырған талабы - жарық пен жы­луды мезгілінде және толық көлемінде алу. Тұтынушылардың талабын орын­дап отырған ұжымда мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы да білімді, білікті, тәжірибелі мамандар. Сон­дай-ақ қосымша жұмыс орында­рын ашу, мамандардың теxникалық деңгейін арттыру орталық басшылы­ғының басты назарынан тыс қалған емес.

Қазір ұжымдағы аға буын өкілдері келешектерін ойлап, жас мамандарды дайындауда. Келешекті көздеп, қайта жаңғырту арқылы болашаққа мол же­тетін қуат көзін жинап алған «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-тың алдағы бесжылдықтағы жетістіктері тұтас Атырау аймағы ғана емес, көршілес об­лыстардың да энергия қажеттілігін толық өтеуге қуаты жететінін айқындап отыр.

Соңғы жаңалықтар