Атырау облысында жер кезегінде 138 мыңнан астам адам тұр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жер кезегінде 138 мыңнан астам адам тұр. Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1 452 жер телімі беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында жер кезегінде 138 мыңнан астам адам тұр

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидың мәліметіне сүйенсек, жер телімін сұраушылардың қатары азаймай отыр.

«Қазір Атырау облысында жеке тұрғын үй салу үшін 138 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр. Оның көпшілігі – Атырау қаласының тұрғындары. Мұнайлы шаһардан 106 707 адам жер телімін алғысы келеді. Ал, аудандардан жер телімін алуға 31 331 адам өтініш берген. Мәселен, Индер ауданында 5 978, Мақат ауданында – 1 294, Махамбетте – 4 217, Жылыойда – 14 041, Исатайда – 459, Қызылқоғада – 2 877, Құрманғазы ауданында 2 465 тұрғынның жер телімін алуға берген өтініші тіркелген», -деп хабарлады Әлібек Ермекқали.

Оның айтуынша, биыл жеке тұрғын үй құрылысы жүргізу үшін тұрғындарға 1 452 учаске беру жоспарланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жер кезегінде 140 мыңға жуық адам тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

«Өткен жылы облыс көлемінде 206 209 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 185 жер учаскесі мемлекет иелігіне кері қайтарылды. Жері телімінің 191 мыңға жуығы жайылым болса, 140 гектары шабындық, ал, 15 мың гектары өзге мақсаттағы санатқа жатады. Енді биылғы жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген 210 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр», - деп хабарла еді Әлібек Ермекқали.