Атырау облысында ЖҚТБ жұқтырғандардың саны артты

АТЫРАУ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда ЖҚТБ-орталығында ЖҚТБ жұқтырған бірден үш адам анықталды.
None
None

Атырау ЖҚТБ-орталығы эпидемиология бөлімі меңгерушісінің айтуынша, жаңадан анықталған аурулардың барлығы да - басқа аймақтардан келгендер. Олардың екеуі ер адам және біреуі әйел. Қазір дәрігерлер олардың қайда және қандай жағдайда жұқтырғандарын анықтауда.

Қазір облыста жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісімен ауыратындардың жалпы саны 89 адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар