Атырау облысында жоғалған зейнеткерді іздеуге көкпаршылар қосылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткерді көкпаршылар іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында жоғалған зейнеткерді іздеуге көкпаршылар қосылды

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының 65 жастағы тұрғыны 28 қаңтарда сағат кешкі 19:30-да үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Оның жоғалғанын туыстары төтенше жағдайлар департаментіне 29 қаңтарда сағат 00:15-те хабарлаған.

Кейін зейнеткерді іздеуге 20 волонтер қосылған еді. Алайда, жоғалған ер адам туралы бірде-бір дерек жоқ.

Ал бүгін, 2 ақпанда зейнеткерді іздестіруге «Сарайшық» командасының көкпаршылары мен Бейбарыс ауылының тұрғындары тартылды.

«Махамбет ауданында 28 қаңтарда жоғалып кеткен зейнеткер әлі табылған жоқ. Бүгін оны іздестіру іс-шарасына 64 адам, 13 техника және «Сарайшық» командасының көкпаршылары 14 жылқымен шықты. Әзірге еш нәтиже жоқ», - деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.