Атырау облысында жоғалған жігіттің денесі Ойыл өзенінен табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылынан мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жігіттің мүрдесі бүгін, 25 сәуірде Ойыл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жоғалған жігіттің жасы – 21-де. Ол 21 сәуірде сағат 09:00-де Тасшағыл ауылынан белгісіз бағытқа мал іздеуге шығып кеткен. Содан бері одан еш дерек болмады.

Далалық жазықтан табылмаған соң оны Ойыл өзенінен іздеуге шешім қабылданды.

«Бұрнағы күні, 23 сәуірде сағат 19:00 шамасында өзеннен жоғалған жігіт мініп кеткен аттың өлексесі табылды. Ал, бүгін, 25 сәуірде сағат 09:45-те із-түзсіз кеткен жігіттің мүрдесі өзеннің жағаға жақын тұсынан табылып, судан шығарылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоғалған жігітті іздеуге департаменттің 6 қызметкері мен 2 техникасы, оның ішінде 1 жүзу құралы тартылды.

Бұған дейін Атырау облысында 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кеткен еді.

Кейін оның аты өзеннен өлі табылған болатын.


Соңғы жаңалықтар