20:28, 22 Қазан 2022 | GMT +5
Атырау облысында жол апатында 5 адам қаза тапты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 22 қазан күні сағат 15.00 шамасында Атырау облысының Қызылқоға ауданында Сағыз - Миялы облыстық тасжолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды»,-дейді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев.
Фото: polisia.kz