16:14, 08 Шілде 2016 | GMT +5
Атырау облысында жол-көлік апатында үш адам қаза тапты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы аудан орталығы - Құлсары мен Теңіз кен орнын байланыстырып тұрған жолдың 75-ші шақырымында орын алды. Алдын ала нұсқа бойынша, Chevrolet маркалы көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-21901 көлігіне соғылды. Оның салдарынан ВАЗ көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мен көлікте болған 1969 және 1966 жылдары туған екі жолаушы ажал құшты. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.