23:40, 20 Маусым 2016 | GMT +5
Атырау облысында жолдастарын құтқару кезінде қаза тапқан жауынгерге ескерткіш тақта орнатылды (ФОТО)
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында былтыр әскери жаттығу кезінде әріптестерін құтқару кезінде қаза тапқан Бақытжан Қалыбайға ескерткіш тақта орнатылды. Тақта сарбаздың туған ауылы Мақат ауданындағы Бәйге төбе ауылындағы мектепте ашылды.

«Бақытжанның ерлігі өскелең ұрпақ үшін ерлік пен абыройдың эталоны болуы тиіс», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тақтаның ашылу салтанатында.
Іс-шараға сарбаздың ата-анасы, туған-туыстары, жергілікті және мектеп әкімшіліг, оқушылар қатысты.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиағ былтыр 18 қыркүйекте Ақтауда «Ораталық-2015» жаттығуы кезінде орын алды. Ол кезде суға кетіп төрт сарбаз қаза тапты. Олардың барлығы да «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.