09:30, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Атырау облысында жыл басынан бері 3140 пәтер салынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында қаңтар-қазан айларында жалпы аумағы 403 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынды.

«2015 жылдың қаңтар-қазан айларында тұрғын үй құрылысына 20,1 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Кәсіпорындар, түрлі меншіктегі ұйымдар мен тұрғындар жалпы аумағы 403 мың шаршы метрді құрайтын 3140 пәтер салды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 4,9% артық», - деді аймақтың статистика басқармасынан.