Атырау облысындағы атыс: Жарақат алған бір адам ауруханада қайтыс болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ауыл жастары арасында болған атыстан 6 адам жарақат алған еді. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жеткізілген бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысындағы атыс: Жарақат алған бір адам ауруханада қайтыс болды

Бұған дейін Атырау облысында ауыл жастары арасында атыс болғанын жазған едік.

Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының маңында болған атыстан 6 адам жарақат алған.

«Атыстан 5 адам оқ жарақатын, 1 адам дене жарақатын алды. Зардап шеккендер Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Өкінішке орай, 1985 жылы туған азамат алған жарақаттан ауруханада қайтыс болды» - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Сағыз ауылына Атырау облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жетті. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.