12:40, 18 Маусым 2010 | GMT +5
Атырау облысындағы балық саласын қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінетін болады - ҚР Премьер-Министрі
АТЫРАУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Атырау облысындағы балық саласын қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінетін болады.

Бұл туралы Атырау қаласындағы өзен портында болған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет аймақ әкімдігімен бірлесе отырып бұл саланы қалпына келтіру үшін қажетті қадамдар жасайтын болады», - деді К.Мәсімов.
Үкімет басшысының пікірінше, балық саласындағы мемлекеттік монополия біз табиғат байлықтарын және осы саланы нығайтып, оларды сақтау үшін қажет.
«Мен біз Мемлекет басшысына өтініш білдіреміз деп ойлаймын, және келесі бюджетті нақтылау кезінде қалпына келтіруге қажетті қаражаттар бөлінетін болады», деп қорытындылады сөзін Премьер-Министр.