Атырау облысындағы Құлсары қаласында 300 пәтер салынады

АТЫРАУ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы ең мұнайлы аймақ - Жылыой ауданының Құлсары қаласында соңғы 24 жылда алғаш рет мемлекеттік баспана құрылысы қалпына келтірілмек.
None
None

«Биылғы жылы Құлсарыда әрқайсысы 60 пәтерден бес үшқабатты үйдің құрылысын бастаймыз. Бұл жалпы алғанда үш жүз жаңа пәтер тапсырылады деген сөз», - деп мәлім етті аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Қазіргі уақытта аудан орталығы Құлсарыда 253 көппәтерлі үйдің 60-ы апатты жағдайда. Статистиканың көрсетуінше, Жылыой ауданында 1989 жылдан бері мемлекеттік баспана салынбаған.

Соңғы жаңалықтар