Атырау облысындағы мектептерде 23 сынып карантинге жабылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы мектептерде 23 сынып карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айсұлу Досқалиеваның мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылы басталғалы 200-ге жуық оқушы коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Оның ішінде 170-ке жуық бала науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандықтан қауіпті вирусты жұқтырған. Ал, мектепке барған соң инфекцияға шалдыққан 23 бала уақытша оқшауланды. Мектептерде 23 сынып карантинге жабылды. Бұл сыныптардың оқушылары 14 күн үйінде болады. Тамыз айында мектеп жасындағы оқушылары арасында 1 062 жағдай тіркелді», -дейді Айсұлу Досқалиева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 89 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар