Атырау облысындағы Теңіз вахта кентінде өндірістік қалдық жанып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде өндірістік қалдық жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, 1 наурызда жергілікті сағат 16:40-та тұтанған.

«Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентіндегі ашық алаңда өндірістік қалдық жанып жатыр. «Теңізшевройл» ЖШС өрт сөндіру және апаттық қызметінің мәліметінше, өрт тұтанған аумақтың ауданы - 200 шаршы метр. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройлдың» өрт сөндіру және апаттық қызметінен 17 қызметкер мен 4 техника, «COCR» ЖШС-нен 6 қызметкер мен 2 қызметкер жұмылдырылған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына бару үшін Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер мен 2 техника жолға шықты.

Аудан орталығы – Құлсары қаласы мен Теңіз вахталық кентінің аралығындағы қашықтық - 90 шақырым.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір мезетте тұрақта тұрған екі жүк көлігі өртеніп кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар