Атырау облысындағы жол апатында әйел адам қаза тауып, екі адам зардап шекті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жол-көлік апатынан бір адам мерт болып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«4 ақпан күні сағат 18.00-де Астрахань-Ақтөбе тасжолында жол-көлік апатының болғанын растаймыз. Бір адам қаза тапты. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Полиция басқа да деректерді нақтылаған жоқ.
Жол апатында зардап шегушілердің туыстарынан белгілі болғандай, 1954 жылғы әйел, жеңіл көлік жүргізушісінің анасы қаза тапқан. Жүргізушінің әйелі мен бір жасар баласы ауруханада жатыр.