Атырау облысындағы жол апатының құрбандары саны 7 адамға жетті

АТЫРАУ. 2 қазан. ҚазАқпарат - 29 қыркүйекте Атырау облысында орын алған жол-көлік апатында құрбан болғандардың саны 7 адамға жетті, деп хабарланды өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты өткен сенбіде «Атырау-Орал» тас жолының 172-шақырымында болды, онда «Volkswagen» және «ВАЗ» көліктері соқтығысты. 5 адам оқиға орында көз жұмса, тағы 4-еуі түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын.

1 қазан күні Індер аудандық ауруханасында апатта зардап шеккен Орал қаласының екі тұрғыны жан тәсілім етті.

Соңғы жаңалықтар