Атырау облысының 8 ауылында жарық әлі қосылған жоқ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының 8 ауылында жарық әлі қосылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұдан бұрын Атырау облысында 38 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған болатын.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы ауданында екпіні секундына 22-23 метрге жеткен қатты жел соққан. Соның салдарынан электр энергиясының желісінде ақау болған. Ауданның 16 ауылында 5 наурызда сағат 3:10-да жарық сөніп қалған.

Ал, кеше, 6 наурызда жергілікті уақытпен кешкі 20:00-ге дейін 10 ауыл жарықсыз отырғанын жазған едік.

«Құрманғазы ауданының біраз ауылында қатты желден сөнген электр энергиясын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір аудандағы 8 ауылдық округте (Теңіз, Бірлік, Сафон, Кудряшов, Көптоғай, Еңбекші, Мақаш, Ақкөл) электр желісіндегі ақауды қалпына келтіріп, қосу жұмыстарын жүргізуге «Атырау-Жарық» АҚ-ның 10 бригадасы, 60-қа жуық жұмысшысы мен 23 техника жұмылдырылған. Жергілікті ауылдық округтердің әкімдері тұрғындарды жұмыс барысынан тұрақты түрде хабардар етіп, ахуалды бақылауда ұстап отыр», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.


Соңғы жаңалықтар