Атырау облысының әкімі «Аджип ККО» мердігерлік компанияларының жұмысшыларыменм кездесті

АТЫРАУ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев Қаратабанда Қашаған мұнайын дайындау жөніндегі қондырғыны салып жатқан «Аджип ККО» мердігерлік ұйымдарының жұмысшыларымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы желтоқсанның 20-сында «Аджип ККО» бірнеше мердігерлік компанияларының мыңға тарта жұмысшысы Қаратабанда рұқсат етілмеген митингі өткізген болатын. Олар еңбекақыны көбейтуді және жұмыстың вахталық әдісін енгізуді талап етті. Жұмысшыларды тыныштандырып, жағдайды қалпына келтіру үшін сонда облыс әкімі митингіге қатысушылармен кездесіп, олардың талаптарын зерделеуге және қаңтардың ортасында барлық мәселелерге жауап қайтаруға уәде берген болатын.Бұл жолғы кездесуде өңір басшысы «Аджип ККО» компаниясымен ақпан айынан бастап жұмыстың вахталық әдісін енгізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты. Әкім рұқсат етілмеген митингіге қатысқандардың бәрі де жұмыстарына қайта орналастыратынына уәде берді. Жұмысшылардың басқа талаптарына қатысты әкім олардың өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға көңіл бөлулеріне кеңес берді. «Сонда сіздер жұмыс берушілерге де қажет боласыздар, біздердің де мүдделеріңізді қорғауымызға жеңілірек болады», - Б.Рысқалиев.
Соңғы жаңалықтар