Атырау облысының әкімі С.Қазыбаев атындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне жаңа автомобильді сыйға тартуға уәде берді

АТЫРАУ. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Сабыр Қазыбаев атындағы мектеп-интернатта болып, балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады.
None
None

«Сіздерге шын жүректен биылғы жыл бақытты, сәтті болуына тілектестік білдіремін. Сіздердің барлық армандарың орындалуына жазсын», деді әкім.

Облыс басшысы мектеп-интернатқа сыйлықтар тарту етті. Сондай-ақ жазға қарай тәрбиеленушілерге жаңа автомобиль алып беретінін айтты.

Соңғы жаңалықтар