Атырау облысының аудан орталығында дауыл соғып, тұрғын үйлердің шатырын жұлып әкетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Индер ауданында жел жылдамдығы секундына 20 метрден асып, бірнеше тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті.
None
None

«Әуезов атындағы мектеп пен спорт кешені ғимараты ішінара зақымдалып, шатыры бұзылды.  Сонымен қатар екі көшедегі жеке үйлердің шатырларына зақым келтірілді. Адамдар арасынан жапа шеккендер жоқ. Қазір келтірілген залал көлемі анықталып жатыр», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД.

Еске сала кетейік, жуырда қатты жел ОҚО-дағы ондаған үйге зақым келтірген.

Соңғы жаңалықтар