Атырау облысының бюджеті әлеуметтік шараларға бағытталады

АТЫРАУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің өзгертілген бюджет жобасы қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Депутаттарға облыс әкімдігі мұнай компанияларынан түсетін салық түсімдерінің болжамын 5,6 млрд.теңгеге азайтқаны туралы хабарланды. Сондықтан да нақтыланған бюджеттің жобасы жасалды. 2009 жылы Атырау облысының бюджеті 84 миллиард 587 миллион теңгені құрайтын болады, ал оның кіріс бөлігі 62 миллиард 589 миллион теңге болмақ. Сессияда өңірде белгіленген барлық әлеуметтік бағдарламалар орындалатыны мәлімделді. Биылғы жылы елді мекендерді газдандыру және ауызсумен қамту жұмыстары жалғасады. Бұған елеулі қаржы бөлініп отыр. «Атырау-Мақат» су құбырының құрылысын жалғастыруға 2 млрд. теңге, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарын газдандыруға ? 7,7 млрд. теңге, коммуналдық үй салуға ? 1,1 млрд. теңге, кентішілік автожолдар салуға ? 1,8 млрд. теңге қарастырылған. Басқа да көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға қаржы бөлініп отыр.
Соңғы жаңалықтар