Атырау облысының инвестициялық әлеуеті БАӘ-де таныстырылады

ШАРДЖА. ҚазАқпарат - Бүгін Шарджа әмірлігінің (БАӘ) Сауда-өнеркәсіп палатасында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 16-шы жеке сектор форумы өз жұмысын бастады.
None
None

Бұл шара жыл сайын Шарджа басқарушысы шейх Сұлтан бин Мұхаммед әл-Кассимидің жеке патронаждығымен өтеді. Биылғы жылы бірінші рет аталған шараға қатысуға Қазақстаннан Атырау облыстық әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Лариса Жұмағалиева бастаған топ келді. Атыраулық өкілдер араб елінің іскерлер ортасында Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстармақ ниетте. Бұл шара 23 наурыз күні Шарджаның Сауда-өнеркәсіптік палатасында өтеді. Л.Жұмағалиеваның сөзіне қарағанда, Атырау облысында инвестициялық жағдай мен шетелдік инвесторларға тиімді жағдайлар жасау үшін жаңа ұйым - «Atyrau innovations» құрылған. Ұйымның басты мақсаттарының бірі - шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлерге жедел және сапалы көмек көрсету. Сонымен бірге, Атырау облысының басшылығы жалпы аумағы 3476 га болатын «Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Атырау облысы әкімдігі бөлімі басшысының пікірінше, әмірлік инвесторларын Қазақстанның батысындағы экономикалық мүмкіндіктер қызықтыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар