15:50, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Атырау облысының Ішкі істер департаментінде кадрлық өзгертулер жасалды
АТЫРАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып Хамза Үмбетқалиев тағайындалды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Хамза Бақтығалиұлы бұған дейін департамент бөлімдерінің бірін басқарып келген.
Ал департамент бастығының бұрынғы орынбасары Ж.Олжабаев резервке ауыстырылды.
Сондай-ақ, облыстық жол полициясы басқармасының басшылығына Берік Амангелді тағайындалды. Жаңа қызметке бекітілгенге дейін ол Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінде бөлім басшысы болған.
Департамент бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Шалқарбек Есенғалиев пен кадрлық жұмыстар басқармасының бастығы Мұрат Бердиев зейнет жасына жетуіне байланысты қызметтерінен босатылды және запасқа жіберілді.