Атырау облысының Махамбет ауданында - жаңа әкім

АТЫРАУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі болып Ерлан Жаңабаев тағайындалды.
None
None

Е.Жаңабаев 1983 жылы дүниеге келді. Атыраудағы мұнай және газ институтын тәмамдаған. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының аға маманы, инвестициялық саясат және әлеуметтік сала бөлімдерінің бастығы, осы басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бастап Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар