Атырау облысының мектептері Ashyq қосымшасымен жұмыс істейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында Атырау облысының мектептері Ashyq қосымшасымен жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда), ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағыбілім алатын келушілерді QR код бойынша тіркеу), маска режимін сақтау, рециркулятор, санитайзер, антисептик, дезинфекциялау және жуу құралының жеткілікті санымен, үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру, желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау, педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрия) қамтамасыз етілсін», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.), мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.

Жаңа қаулының толық нұсқасымен мына сілтемеден танысуға болады.

Автор: Бек Мұстафа


Соңғы жаңалықтар