09:44, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Атырау облысының мұнайшылар кентінде жаңа мектеп ашылды
АТЫРАУ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысында Мақат ауданының Доссор кентінде жаңа мектеп ашылды.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген білім мекемесі 300 оқушыға арналған.
Мектеп академик Зейнолла Қабдолов, әдебиеттанушылар Хамит Ерғалиев, Сафи Өтебаев, профессор Сабыр Қозыбаев, Шердабаев және Өтебаевтар танымал мұнайшылар әулеттерінің өкілдері оқыған бұрынғы білім ордасының орнына салынды. Жаңа білім мекемесіне Абайдың есімі берілді.