18:53, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырау облысының полицейлері 9 тонна сазан балықты «қолға түсірді»
АТЫРАУ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Исатай ауданында полицейдер заңсыз ауланған 9 тонна балық тиелген КамАЗ көлігін ұстады.
«Жүктің иесі Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Ол азамат сазан балықтың заңды ауланғанын қуаттайтын құжаттың жоқ екенін мойындады. Балық өнімінің заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Исатай ауданының полицейлері жылдың басынан бері осындай жетінші жүкті ұстап отыр. Ал былтыр полицейлер браконьерлер мен арадағы сатып алушылардан 106 тонна балық пен балық өнімін тәркілеген. Оның 5 тоннадайы бекіре тұқымдас балық болып шыққан.