17:54, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Атырау облысының прогерия ауруына шалдыққан тұрғыны НТВ телеарнасына шақырылды
АТЫРАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Сирек кездесетін ауруға шалдыққан, 20 жыл ішінде қартқа айналған жап жас жігіт Атырау облысы Мұқыр ауылының тұрғыны Нұржан Өркешбаев НТВ телеарнасына шақырылды.
Нұржанды өз телеарнасына шақырып жатқан бұл екінші ресейлік арна. Жуырда ол Бірінші арнадағы «Пусть говорят» бағдарламасына қатысып қайтқан еді. Онда прогерия - мерзімінен бұрын қартаю ауруымен ауыратындар мәселесі қаралды.
НТВ продюсері Марина Цветкова хабарлағандай, Н.Өркешбаевқа Леонид Закошанский жүргізетін «Говорим и показываем» бағдарламасына қатысуға ұсыныс жасалды.