17:15, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Атырау облысының соттарында жаңа тағайындаулар болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов облыстық соттың жалпы отырысында ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 2015 жылғы 25 мамырдағы №29 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Елбасы Жарлығымен Жылыой аудандық сотының құрамы 2 судьяға толықты. Аталмыш соттың судьялары болып Асалов Абай Шүкірбайұлы және Есмағамбетова Шолпан Аманқұллақызы тағайындалды. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Атырау қалалық сотының судьялары Айтпаева Айша Аманкелдіқызы, Ералиев Сәкен Әбдуғалиұлы және Ізтілеуова Анжелика Төлегенқызы атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Облыстық сот төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.