Атырау облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құлсары қаласының 31

жастағы тұрғыны 576 келі бекіре тұқымдас балығын заңсыз сақтаған.

«Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасына 23 маусымда Жылыой

ауданының орталығы – Құлсары қаласында тұратын 31 жастағы азаматтың бекіре тұқымдас балықтарын үйіне заңсыз сақтап, сатып жүргені туралы ақпарат түсті.

Полицейлер жедел іс-шара жүргізіп, тұрғынның мекенжайына тінту жүргізілді.

Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан сарайдағы тоңазытқыштан жалпы салмағы 576 келіні құраған 169 дана бекіре тұқымдас балық табылды», - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір аталған дерекке қатысты Жылыой аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Каспий жағалауынан браконьерлердің «қонысы» табылғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар