Атырау облысының Жанбай ауылында спорт кешені ашылды
Жанбай ауылы – Исатай ауданындағы ірі елді мекеннің бірі. «Жалынды Құрылыс» ЖШС құрылысын жүргізген нысанның ауласында арнайы алаң бар.
«Елімізді әлемге танытып жүрген чемпиондарымыз ауылдық елді мекендерден көптеп шығып жатыр. Жанбай ауылынан да болашақта әлем, олимпиада чемпиондары шығады деген сенімдеміз. Сол себептен, ауыл спортын дамыту үшін осындай қолдау шаралары жалғаса береді», - деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
Екі қабатты спорт кешені қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда бір мезгілде 300-ге жуық жасөспірім бокс, волейбол, баскетбол, каратэ, таеквандо, қазақ күресі сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сондай-ақ, ойлау қабілетін дамытатын тоғызқұмалақ ойыны үшін де жағдай жасалған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылғанын хабарлаған едік.
