Атырау полицейлері 10 тонна балық тиелген машинаны ұстады

АТЫРАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау полициясының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтың ірі партиясын облыстан тысқары жерге заңсыз алып шығу әрекетінің жолын кесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, полицейлер Жамбай ауылынан шыққан машинаны тексеру кезінде анықтаған. Машина қорабындағы 10 тонна балықты қайдан алғаны туралы жүргізушіде де, оның қасындағы жолаушыда да ешқандай құжат болмаған. Оңтүстік Қазақстан облысына жол тартқан олар балықты белгісіз адамнан сатып алғаны туралы уәж айтты. Жүк тәркіленді, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар