Атырау полициясы көшеде жалаңаш жүрген бойжеткенді тауып, айыппұл салды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полицейлер куәгерлердің видеоға түсіріп алған көшеде іш киіммен қыдырып жүрген қызды тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Іш киіммен аялдамада көкірегін жауып тұрған қыздың видеосын куәгерлер ІІД-нің сайтына жолдаған. Бұл видео әлеуметтік желіде де болуы мүмкін. Видеодағы бойжеткен 28 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Қыздың аздап алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Ол бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Тәртіп бұзған бойжеткенге 7 АЕК көлемінде, яғни 15 883 теңге айыппұл салынады», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.